7 наурыз күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 наурыз күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-деҮкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік және оқу процесін цифрландыру; гендерлік тендікті сақтау, әйелдерді жұмыспен қамту және олардың денсаулығы тақырыптары қаралады.

10.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясында сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу және азаматтарды тіркеу орны туралы мәліметтерді тексеру онлайн-сервисін іске асыру, сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу және халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы отырыс өтеді.

12.00-деҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы гендерлік саясаттың ерекшелігі» атты баспасөз конференциясы өтеді.

Спикерлер:Қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының орынбасары Қайдарова Әсем Серікқазықызы; Қазақстандық қоғамдық даму институтының отбасы институтын зерттеу орталығының жетекшісі Николаева Ольга Владимировна.

Көрсетілім сілтемелері:Youtube, Facebook.

14.00-де№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында балалар урологиясындағы күрделі жағдайлар бойынша шеберлік сабағы өтеді.

19.00-деЖастар театрында «Жанарымдағы жалғыз әуен» қойылымы көрсетіледі.

19.00-деҚазақстан Орталық концерт залында танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті өтеді.

19.00-деAstana Opera театрында «Көктем ару» мерекелік концерті болады.

19.00-де«Наз» мемлекеттік би театрында «Аяулы ана» кеші өтеді.