7 наурыз күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 наурыз күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде пленарлық отырыс өтеді. Сонымен қатар сағат 10:00-де Астана әкімдігінде «Мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру» тақырыбында брифинг өтеді.

Сағат 10:30-да ҚР ІІМ клубында 8 наурыз - Халықаралық әйедер күніне арналған мерекелік шара өтеді. Шараға министрлік басшылығы, жеке құрам мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысады.

Сағат 15:00-де «Үкімет үйінде» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залына «Көктем шуағы» концерті өтеді. Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

АЛМАТЫ

Сағат 11:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) БҰҰ бастамасымен гендердік теңдікті сақтау мақсатында «Ring the Bell for Gender Equality» бағалы қағаздарды сатудың ресми шарасын өткізеді. Шараға еліміздегі қоғамдық-саяси, қаржы саласында белсенділік танытып жүрген 30 әйел қатысады.

АҚТӨБЕ

Сағат 10:00-де облыс әкімі «ТК Фарм» ЖШС қызметкерлерін мерекемен құттықтайды.

Сағат 11:00-де облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси саладағы белсенді қыз-келіншектерді мерекемен құттықтайды.

Сағат 11.00-де Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Өңірдің және облыс орталығының қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтеді. Сұрақтарға облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Ернат Қалиақпарав жауап береді.

Сағат 12.30-да Ақтөбе қаласының Халықаралық әуежайында еркін күрестен Азия чемпионы Нұрислам Санаевты салтанатты түрде қарсы алады.

Сағат 16:00-де Өнер орталығында мерекелік концерт болады.

ҚОСТАНАЙ

Сағат 15:00-де Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастама» үндеуін облыс активінде түсіндіреді.

ТАРАЗ

Сағат 10:30-да облыстық драма театрда «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Мемлекет басшысының үндеуі талқыланады.

Сағат 14:30-да «Баласағұн» концерт залында Халықаралық әйелдер күніне арналған шара өтеді.

ӨСКЕМЕН

Сағат 11:00-де облыс әкімдігінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» түсіндіріледі.

ШЫМКЕНТ

Сағат 11.00-де Опера және балет театрында Шымкент қаласы әкімінің нәзік жандыларды «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтауы өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 12:00-де Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында облыс әкімінің қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік салтанатты кеш өтеді.

Сағат 15:00-де Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана - ғұмыр. Ана - Тәңір. Ана - шың» атауымен салтанатты кеші болады.

АҚМОЛА

Сағат 15:00-де «Көкшетау» мәдениет үйінде Ақмола облысы әкімінің қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтеді.

МАҢҒЫСТАУ

Сағат 16.00-де Халықаралық әйелдер күніне орай әкімнің марапаттауы, салтанатты шарасы өтеді.