7 өңір «қызыл» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр.

«Сары» аймақта Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары бар.
«Жасыл» аймақта Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.