Оның айтуынша, елімізде инфляциялық процестердің бәсеңдеуі байқалады. Мәселен, өткен айда инфляция 0,2 пайызға дейін бәсеңдеген. 2016 жылдың басынан бастап инфляция 5,6 пайызды 2015 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 2,9%) құрады. Азық-түлік емес тауарлардың 6,8 пайызға қымбаттауы инфляцияға 2,2 пайыздық үлес қосып отыр.
«Азық-түлік тауарларының бағасы 4,9, ақылы қызметтер 5,3, оның ішінде реттелетін қызметтер 7,6 пайызға өсті. Өңірлік бөліністе 7 өңірде инфляцияның орташа республикалық деңгейден асып кетуі байқалады. Ең жоғары инфляция Маңғыстау облысында 7,2 пайыз деңгейінде, Астана қаласында 6,6 және Оңтүстік Қазақстан облысында 6,4 пайыз деңгейінде тіркелді», - деді Бишімбаев.