"Еліміздің әрбір тұрғыны білімді болумен қатар дені сау болу тиіс. Тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы денсаулық сақтауға қолжетімжділікті қамтамасыз ету қажет. Отандық медицина ең алдымен алдын алуға және салауатты өмір салтын ынталандыруға бағытталуы тиіс. Қоғамдық денсаулық сақтау, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерінің шығыстары денсаулық сақтаудың жалпы қаржыландырылуының 40 пайызынан 60 пайызға дейін арттырылуы қажет", - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті бұл барлық дамыған елдердің тәжірибесі екендігін атап өтті.
"Мұны бұрыннан айтып келеміз. Медицинаны адамға бір қадам жерге дейін жақындату қажет. Бұл өте маңызды мәселе. Сол себепті денсаулық сақтаудың осы міндеттерін жүзеге асыру үшін шамамен 120 млрд теңге бөлуді тапсырамын. Мен айтқан тапсырмалар орындалса, онда нәтижесінде жылына шамамен 100 мың пациенті бар 7 өңірдегі стационарлық-медициналық көмек сапасы жақсаратын болады", - деді Елбасы.