Олардың айтуынша, адам 7 сағаттан артық ұйықтамаған жөн.
« Тәулігіне 7 сағаттан ұйықтайтын адамдарда арасында ауру-сырқау белгілері және өлім-жітім сирек кездеседі», - дейді профессор Шон Янгстедт.
Сан-Диегодағы Калифорния Университетінің профессоры Даниэль Крипке де әріптесінің тұжырымын қолдайды.
Ол 1,1 млн-нан аса адамның қатысуымен алты жыл көлемінде зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, 6,5 пен 7,4 сағат ұйықтайтын адамдар арасында өлім деңгейі төмен екені анықталған.
Мамандардың пікірінше, артық ұйқы немесе дұрыс ұйқының қанбауы ми қызметінің жұмысын баяулатады, зейінін төмендетеді, жұмыс жасауға құлшынысты бәсеңсітіп, есте сақтау қабілетінің бұзылуына әкеліп соғады, деп жазады шетелдік БАҚ.