Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді, шығыста көктайғақ, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерін тұман басып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Қостанай облысында жел 18 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болды.
Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.