АЛМАТЫ
Сағат 09:30-да «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы аумағында Наурыз мерекесіне арналған шара өтеді. Осы орайда қала тұрғындары үшін түрлі конкурстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы марапаттар дайындалған.
Сағат 11:00 кезінде «Мега Центр» сауда ойын-сауық орталығында «Ата өнері - ұрпаққа мұра» фестивалі, сонымен қатар фотокөрме, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
Сағат 10:00-де Жамбыл медициналық колледжінде Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын» атты спорттық шара басталады.
Бұдан бөлек, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде сағат 10:00 кезінде өңірдегі суретшілердің үлкен көрмесі өтеді.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Сағат 09:00-де Өскемендегі«Фреш Маркет» сауда-логистикалық орталығында Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады.
Сонымен қатар осы уақытта Семейдегі Бородулиха ауданының ауылшаруашылық тауарын өндірушілерінің қатысуымен «Северный» логистикалық сауда орталығында жәрмеңкесі өтеді
Сағат 10:00-де Өскемендегі № 47 мектепте «Білімге жол» республиклық зияткерлік марафоны басталады.
Сағат 14:00 кезінде Семейде Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнер музейінде «Қазақ ұлттық қолөнері мерекесі» фестивалі ашылады. Оның аясында шеберлік сабақтары, халық музыкасы концерті, өңірлік көрме қамтылады.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ
Сағат 13:00-де облыстық филармония ғимаратында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Меценаттар клубы сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
Сағат 10:00-де Орталық алаң мен «Алтай» базары алдында ауыл шаруашылығы жәрмекелері басталады.
Сағат 10:00 кезінде «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдында «Серпін» көрме-жәрмеңкесі өтеді. Онда ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Еңбек Ақтөбе» мемлекеттік мекемесі өз тауарларын ұсынады. «Серпін» көрмесіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысады.
7-8 сәуірде сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін ақтөбелік суретшілер «Суретші портреті» арт-акциясын өткізеді.