7 шілде. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 7 шілде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

40 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Коммуникациялар департаментінің директоры Айбек СМАДИЯРОВ дүниеге келген.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік бітірген.

Әр жылдары СІМ-нің орталық аппаратында, Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде және ҚР Президентінің баспасөз қызметінде әртүрлі лауазымда қызмет атқарды. ҚР Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы саяси анализ және болжамдар комитетінің бірінші хатшысы (2013-2014); Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінде екінші және бірінші хатшы (2014-2018); ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті баспасөз басқармасының басшысы (2018-2019) болды. 2019 жылдан ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы, Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың маусым айынан бері атқарып келеді.

40 жыл бұрын (1983) ҚР Президенті іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқарамасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әлихан Қайыргелдіұлы ЖАМСАТОВ дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2012 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құрылыс» мамандығы бойынша, 2014 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2004-2005 жылдары – Павлодар қаласындағы «Энергоцентр» АҚ заң кеңесшісі. 2005-2006 жылдары – Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімі аппараты бас маманының м.а., бас маманы, заңгері. 2006-2008 жылдары – Павлодар облысы Қаржы департаментінің бас маманы, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті бөлімінің бастығы. 2008 жылы Семей қаласындағы «Group of Financial Analytics» ЖШС директорының орынбасары, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ Павлодар облысы бойынша менеджері болды.

2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы бас сарапшысының м.а., бас сарапшысы, басқарма басшысы. 2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі. 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының орынбасары. 2015-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы («Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ) басшысының орынбасары. 2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың сәуір айынан бастап.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.