7 шілдеге арналған ауа райы: Тоғыз өңірде аптап ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 7 шілде күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейеді. Бұршақ жауады. Дауыл тұрады. Еліміздің оңтүстік және батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Түнде найзағай ойнап, дауыл, бұршақ күтіледі.

Павлодар облысында түнде кей жерлерде найзағай күтіледі, жел екпіні - 18 м/с.

Қарағанды облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, жел екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с жетеді. Таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күн күркірейді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз аптап ыстық болады.

Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.