ЕСІМДЕР
69 жыл бұрын (1967) Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Алмаханұлы ӘБІШОВ дүниеге келді.
Түркістан облысы, Шардара ауданында туған. 1994 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2000 жылы Қазақ-өзбек гуманитарлық университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1984-1985 жылдары Келес ауданына қарасты «Бірлік» совхозының электригі, 1985-1986 жылдары Шардара құрылыс комбинатының жұмысшысы, 1988-1990 жылдары «Юбилейный» совхозының жүргізушісі, 1990-1991 жылдары «Юбилейный» совхозының жұмысшысы, 1991-1992 жылдары Шардара ауданында дене шынықтыру әдіскері, 1992-1993 жылдары «Юбилейный» совхозының жұмысшысы, «Қалижан» ШҚ, 1993-1994 жылдары «Шыңғысхан» шағын кәсіпорнының директоры, 1994 жылы Шымкент қаласы Абай аудандық әкімдігінің инспекторы, 1994-1998 жылдары «Айым» жеке кәсіпорнының жабдықтаушысы, 1998-2000 жылдары «Нұралы және К» директоры қызметін атқарған. 2000-2001 жылдары «Батсутрансгаз» директоры, 2001-2002 жылдары «Батсу-энергосбыт» Сайрам филиалының директоры, 2002-2004 жылдары «Батсу» корпорациясының директоры, 2004-2006 жылдары «Батсу-строй» директоры, 2006-2012 жылдары «Комби-Строй-1» директоры, 2012 жылы «Агро-V» директоры, «Борте Милка» директоры (2012) лауазымын атқарған.
2023 жылдың наурызынан бастап — Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы.
«Парасат» (2018), «Құрмет» (2010) ордендерімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» (2011, 2014), «Халық алғысы» (2020), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Астана 20 жыл» (2018), «Қазақстан Республикасының Конституцияұлы 25 жыл» (2020) медальдарімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен (2020) марапатталған.
43 жыл бұрын (1983) ҚР Президентінің баспасөз хатшысы — кеңесшісі Айбек СМАДИЯРОВ дүниеге келген.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік бітірген.
Әр жылдары СІМ-нің орталық аппаратында, Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде және ҚР Президентінің баспасөз қызметінде әртүрлі лауазымда қызмет атқарды. 2013-2014 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы саяси анализ және болжамдар комитетінің бірінші хатшысы, 2014-2018 жылдары Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінде екінші және бірінші хатшы, 2018-2019 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті баспасөз басқармасының басшысы қызметінде болды. 2019-2023 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы, Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды.
2026 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.
43 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі Әлихан Қайыргелдіұлы ЖАМСАТОВ дүниеге келді.
Павлодар облысының Екібастұз ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2004) құқықтану мамандығы бойынша, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (2012) құрылыс мамандығы бойынша және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2014) саясаттану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Павлодар қаласындағы «Энергоцентр» АҚ заң кеңесшісі (2004); Павлодар облысы, Ақсу қаласы әкімі аппаратының бас маманының міндетін атқарушы, бас маман, заңгер (2005-2006); Павлодар облысы, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің қаржы бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы (2006-2008); «Group of Financial Analytics» ЖШС директорының орынбасары, «Ertis» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Павлодар облысы бойынша департаментінің менеджері (2008); Қазақстан Республикасы Парламенті Аппаратының Экономикалық департаментінің бас сарапшысы, бөлім меңгерушісі (2008-2012); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент меңгерушісінің орынбасары (2012-2013); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жоспарлау және бюджет департаментінің меңгерушісі (2013-2014); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент меңгерушісінің орынбасары (2014-2015); Қазақстан Республикасы Парламенті Аппаратының Экономикалық департамент меңгерушісінің орынбасары (2015-2019); Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі (2019-2022); «Логистика менеджменті» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі (2022-2025).
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.
43 жыл бұрын (1983) Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы Серік Бағдатұлы МАНЗОРОВ дүниеге келді.
Талдықорғанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2004) заңгер мамандығы бойынша, Ұлыбританияның Батыс жағалау университетін (2006) бизнес әкімшілігі менеджері мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін (2009) қаржы бакалавры мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (2010) мемлекеттік басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Алматы қаласы Алмалы, Бостандық аудандары әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде және басқа да бөлімдерінде жетекші маманнан бастап, Алматы қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті басшысының орынбасарына (2006-2010) дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Түрксіб ауданы бойынша департаменті басшысының орынбасары (2010-2011); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Алматы қаласы Салық департаментінің Медеу ауданы бойынша бөлім бастығының орынбасары (2011-2013); Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары (2013-2015); Алматы қаласы Медеу ауданы Мемлекеттік кіріс департаментінің заңды тұлғаларды басқару бөлімінің бас маманы (2015); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің Астана қаласы Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы Мемлекеттік кіріс департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, Астана (2015-2016); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің Астана қаласы Мемлекеттік кіріс департаментінің Оңалту және банкроттық бөлімінің бастығы, Астана (2016); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің Астана қаласы Мемлекеттік кіріс департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті бастығының орынбасары, Астана (2016); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті басшысының орынбасары, Астана қаласы (2016-2017); Сыртқы саясат орталығының консультанты, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің инспекторы, Астана қаласы (2017-2019); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан (2019-2021); Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшысы (2021-2025).
2025 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.
36 жыл бұрын (1990) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Жасұлан Асқарұлы МАЙЛЫБАЙ дүниеге келді.
Ол Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында туған.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша және Бристоль университетін (Ұлыбритания) мемлекеттік саясат мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінде; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында сарапшы, жетекші сарапшы; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2026 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.