7 шілде. Тұлғалар туған күн

Фото: Kazinform/Midjourney

Бүгін, 7 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

68 жыл бұрын (1967) Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Алмаханұлы ӘБІШОВ дүниеге келді.

Фото: gov.kz

Түркістан облысы, Шардара ауданында туған. 1994 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2000 жылы Қазақ-өзбек гуманитарлық университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1984-1985 жылдары Келес ауданына қарасты «Бірлік» совхозының электригі, 1985-1986 жылдары Шардара құрылыс комбинатының жұмысшысы, 1988-1990 жылдары «Юбилейный» совхозының жүргізушісі, 1990-1991 жылдары «Юбилейный» совхозының жұмысшысы, 1991-1992 жылдары Шардара ауданында дене шынықтыру әдіскері, 1992-1993 жылдары «Юбилейный» совхозының жұмысшысы, «Қалижан» ШҚ, 1993-1994 жылдары «Шыңғысхан» шағын кәсіпорнының директоры, 1994 жылы Шымкент қаласы Абай аудандық әкімдігінің инспекторы, 1994-1998 жылдары «Айым» жеке кәсіпорнының жабдықтаушысы, 1998-2000 жылдары «Нұралы және К» директоры қызметін атқарған. 2000-2001 жылдары «Батсутрансгаз» директоры, 2001-2002 жылдары «Батсу-энергосбыт» Сайрам филиалының директоры, 2002-2004 жылдары «Батсу» корпорациясының директоры, 2004-2006 жылдары «Батсу-строй» директоры, 2006-2012 жылдары «Комби-Строй-1» директоры, 2012 жылы «Агро-V» директоры, «Борте Милка» директоры (2012) лауазымын атқарған.

2023 жылдың наурызынан бастап — Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы.

«Парасат» (2018), «Құрмет» (2010) ордендерімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» (2011, 2014), «Халық алғысы» (2020), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Астана 20 жыл» (2018), «Қазақстан Республикасының Конституцияұлы 25 жыл» (2020) медальдарімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен (2020) марапатталған.

42 жыл бұрын (1983) Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек СМАДИЯРОВ дүниеге келген.

Фото: gov.kz

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік бітірген.

Әр жылдары СІМ-нің орталық аппаратында, Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде және ҚР Президентінің баспасөз қызметінде әртүрлі лауазымда қызмет атқарды. 2013-2014 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы саяси анализ және болжамдар комитетінің бірінші хатшысы, 2014-2018 жылдары Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінде екінші және бірінші хатшы, 2018-2019 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті баспасөз басқармасының басшысы қызметінде болды. 2019-2023 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы, Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды.

2025 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.