7 солтүстікқазақстандық «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда Тәуелсіздік күніне орай СҚО мәдениет қызметкерлеріне мемлекеттік награда табыс етілді. Мәдениет саласының жеті қызметкері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін алды.

Облыс әкімінің атынан мерекемен оның орынбасары Анархан Дүйсенов құттықтады.

«Облыста мәдениетті дамыту бойынша орасан жұмыс атқарылуда. Әкімнің тапсырмасы бойынша аудандарда осы жылы 11 демалыс орны, 6 кітапхана ашылды», - деп атап өтті өз сөзінде А. Дүйсенов.

Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін екі солтүстікқазақстандық өңір басшысының атынан алғыс хат алды.

Шығармашылық адамдарына Мәдениет, спорт министрлігінің құрмет грамоталары табыс етілді. Өңірде 600-ге тарта мәдениет ошақтары бар, жыл соңына дейін тағы бесеуі ашылады.