7 тамызда қазақстандық спортшылар қай спорт түрлерінен сынға түседі

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 7 тамыз, сәрсенбі күні қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сынға түседі.

Фото: Kazinform

Нақтырақ айтсақ, Байдарка мен каноэде есу, грек-рим күресі, бокс, таэквондо және тректегі велоспорттан спортшыларымыз ел намысын қорғайды.

Олардың қатарында грек-рим күресінен Демеу Жадыраев 77 келі салмақта, бокстан 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай екеуі финалда алтын медаль үшін сынға түспек.

7 тамыздағы жарыс кестесі:

Байдарка мен каноэде жүзу

13:40. Ерлер. 1000 метрге байдаркамен есу. Бекарыс Рамазан

Грек-рим күресі

14:00. Ерлер. Бастапқы кезең. 87 келіге дейін. Нұрсұлтан Тұрсынов

Байдарка мен каноэде жүзу

14:40. Ерлер. 1000 метрге жалғыз каноэмен есу. Сергей Емельянов
15:37 Таэквондо. Ерлер. 1/8 финал. 58 келіге дейін. Самирхон Абабакиров - Вито Деллакила (Италия)
15:45. Тректегі велоспорт. Ерлер. Спринт. Іріктеу. Андрей Чугай

Бокс

01:51. Ерлер. Финал. 80 келіге дейін. Нұрбек Оралбай - Александр Хижняк (Украина)

Грек-рим күресі

Ерлер
21: 45. 77 келіге дейін. Демеу Жадраев - Нао Кусака (Жапония)