7 ТАМЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

None
АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 7 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.  

7 тамыз, ДҮЙСЕНБІ

Кот-д'Ивуар Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Кот-д'Ивуар - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Мали, Буркина-Фасомен, шығысында Ганамен, батысында Либерия, Гвинеямен шектеседі. Оңтүстігін Гвинея шығанағы алып жатыр. Ел аумағы әкімшілік жағынан 16 аймаққа, ал аймақтар 50 департаментке бөлінеді. Астанасы - Ямусукро қаласы. Ресми тілі - француз тілі, сонымен қатар акан, кру, вольтек тілдері қолданылады. Ақша бірлігі - Батыс Африка франкі.

Орыс ақыны және драматургы, орыс символизмінің жарқын өкілдерінің бірі А.А.Блокты (1880-1921) еске алу күні.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

17 жыл бұрын (1995) Алматы Кино үйінде «Абай» атты фильмнің тұсаукесер рәсімі өтіп, оған Президент Н.Ә.Назарбаев қатысты. Мұхтар Әуезовтың роман-эпопеясы бойынша түсірілген эпикалық драма қазақтың ұлы ақыны Абайдың 150 жылдығына арналған. Абай рөлінде Ғабиден Тұрықбаев, Құнанбай рөлінде Тұңғышбай әл-Тарази және т.б. актерлер ойнады. Сценариін Ләйлә Ақынжанова, Александр Баранов және Серік Апрымов жазған.

14 жыл бұрын (1998) Анкарада Абай паркінің ашылу салтанаты болды.

13 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасысының «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларус Республикасының Үкіметі арасында тауар (жұмыс) экспорттау және импорттау кезінде қосымша  салық салудың қағидаттарын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Даму банкі арасындағы «Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» (көлік жолдары саласын қайта жаңарту жобасы), Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Даму банкі арасындағы «Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» (денсаулық сақтау саласының жобасы), Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Даму банкі арасындағы «Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» (құқық реформасы жобасы) Заңдары жарияланды.

7 жыл бұрын (2005) Алматыда, Республика сарайында, Райымбек батырдың 300-жылдық мерейтойына арналған республикалық айтыс өнерінің байқауы болып өтті.

Шараны ұйымдастырған «Жарылқап батыр» қоғамдық қоры, «Айсел Қазақстан» корпорациясы, Алматы қалалық мәдениет департаменті және Республика сарайының әкімшілігі.

Аталмыш шараға Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Көкшетау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларының суырып-салма ақындары қатысты. Ақын Тұманбай Молдағалиев бастаған қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Семейден келген Сара Тоқтамысова қанжығасына байлады. Бірінші орынды Талдықорғаннан келген Айтақын Бұлғақов жеңіп алды. Екінші орынды қарағандылық Аманжол Алтаев, елордалық айтыскер Дәулеткерей Кәпұлы және семейлік Ринат Заитов бөлісті.

5 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы стратегиялық маңызға ие нысандарға мемлекеттік бақылаудың тиімді тетіктерін құруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің экономика саласындағы мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

3 жыл бұрын (2009) Павлодарда «Бибі-Ана» қоғамдық бірлестігі павлодарлық бөлімшесі мүшелерінің өз қолдарымен жасаған бұйымдарының көрмесі ашылды.

Онда әдемі ұлттық киімдер, тоқыма көйлектер мен жакеттер, құрақ көрпешелер мен шеберлердің қолынан шыққан басқа да бірегей бұйымдар қойылған.

Павлодарлық «Бибі-Ана» қоғамдық бірлестігін 1999 жылы мүгедек-әйелдер құрған болатын. «Бибі-Ана» мүшелерінің қолдарынан шыққан ұлттық киімдер халықтың үлкен сұранысына ие.

24 жыл бұрын (1988) американдық Линн Кокс АҚШ-тан Ресейге дейін жүзіп жеткен тарихтағы алғашқы адам болды.

Американдық спортшы Линн Кокс 6 градустық суда 2 сағат 6 минут болды. 4160 шақырымды бағындырды. Ол Американың Аляска штатындағы Кіші Диомид аралының Беринг бұғазынан Ресейдің Үлкен Диомидіне дейін жүзіп барды.

172 жыл бұрын (1840) Англияда балаларды мұржа тазалаушы ретінде пайдалануға тыйым салынды.

154 жыл бұрын (1858) ағылшын патшайымы Виктория Оттаваны канаданың астанаы ретінде таңдап алды.

124 жыл бұрын (1988) Джек Потрошительдің мойнына ілінген алғашқы құрбан табылды. Патшайым Викторияның үлкен немересі ханзада Кларенс негізгі күдікті болды. Бірақ бүгін оның атына тағылған айыптаулар негізсіз болып табылады.

105 жыл бұрын ((1907) орыс физигі Б.Розинг телевизиялық бейнені алу жүйесін ойлап шығаруға алғашқы патентті алды.

91 жыл бұрын (1921) Канаданың құрғақшылыққа тап болған аудандарында жаңбырды жасанды жолмен шақырып беруге уәде етіп, фермерлерден 3 мың доллардан ақша жинап алған алаяқ Чарльз Хетфилд АҚШ-қа қашып кетті.

 90 жыл бұрын (1932) КСРО-да мемлекеттік және ұжымдық меншікті аса үлкен көлемде ұрлағаны үшін өлім жазасы тағайындалды - белгілі «сегіз-жеті жарлығы».

52 жыл бұрын (1960) Фидель Кастро Кубадағы барлық америкалық кәсіпорындарды мемлекет меншігіне айналдыратыны туралы жариялады.

27 жыл бұрын (1985) британдық журналистер Солтүстік Ирландиядағы оқиғалар туралы деректі фильмді көрсетуден бас тартқаны үшін Би-Би-Си-ге қарсы біркүндік ереуіл жасады.

22 жыл бұрын (1990) Ирактың Кувейтке қарсы агрессиясының салдарынан, БҰҰ Иракқа қарсы экономикалық санкциялар енгізді.

19 жыл бұрын (1933) Лондондағы Букингем сарайының бір бөлігі туристер үшін ашылды.

14 жыл бұрын (1998) Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшіліктеріне қарсы лаңкестік актілер жасалды. 250 адам өліп, 4 мыңға жуығы жараланды.

 

ЕСІМДЕР

89 жыл бұрын (1923-1993) авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының Батыры КАРУШИН Александр Феодорович дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. Троицк әскери авиациялық ұшқыштар мектебін, Әскери әуе академиясын бітірген. 1941 жылы Қызыл Армия қатарына алынған. 1943 жылдың наурыз айынан Ұлы Отан соғысы шебінде болып, ұрыстарға қатысқан. Соғыстан кейін КСРО Қарулы күштерінде әскери қызметін жалғастырған.

«Ленин», 2 мәрте «Қызыл Ту», «Александр Невский», «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медалдармен марапатталған.

 103 жыл бұрын (1909-1957) жазушы, Жамбыл шығармаларын тұңғыш орыс тіліне аударушылардың бірі КУЗНЕЦОВ Павел Николаевич дүниеге келді.

Қаламгер 1938-1941 жылдары аралығында «Литература и искусство Казахстана» журналының редакторы болды. Оның «Сом алтын», «Ертіс жағасында», «Майдан лирикасы», «Солдат дәптері», «Жол соқпақтары», «Жол дәптері» өлеңдер жинағы, «Алтай тауларында», «Торғай даласы», «Панфиловшылар» очерктер, әңгімелер жинағы, «Алматыдан Берлинге дейін», «Ұлы достық», «Тастағы гүл» повестері жарық көрді. Көркем аударма саласында Жамбыл Жабаевтың революцияға дейінгі өлеңдерін, айтыстарын, «Сұраншы батыр», «Туған елім», «Менің өмірім» поэмаларын орыс тіліне тәржімалады. Жамбылдың өмірі жайлы «Бақытын тапқан адам» атты тарихын роман жазды. Романға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді.

«Қызы Ту», 1-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

 42 жыл бұрын (1970) Астана қаласындағы Еуразиялық Даму банкі өкілділігінің басшысы БАЙДАУЛЕТ Ерлан Әлімжанұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Талғар қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Санкт-Галлен қаласындағы (Швейцария) университетін бітірген.

1993-1995 жылдары - Талғар қаласы және Талғар ауданы әкімшілігі басшысының комекшісі, «Алемсистем» қаржы-инвестициялық компаниясы қаржы жобалау басқармасының бастығы. 1997-1998 жылдары - Швейцар-Қазақ экономикалық даму орталығының инвестиция жөніндегі вице-президенті. 1998-2001 жылдары - (UNOPS registered) PROFIT INVEST Ltd компаниясының аға кеңесші-партнері. 2001-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ислам даму банкінің уәкілі. 2005-2006 жылдары - «Инжиниринг және трансферт технологиясы орталығы» акционерлік қоғамының президенті қызметтерін атқараған. Қазіргі қызметінде - 2006 жылдан.

 91 жыл бұрын (1921-1952) ақын ҚАЛАУОВА Зияш дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітіріп, Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Ақсу орта мектебінде мұғалім болған.

Алғашқы өлеңдер жинағы 1941 жылы «Шолпан» деген атпен жарыққа шыққан. Сондай-ақ өлеңдері мен поэмаларының үш жинағы жарық көрген. Ақын 1950 жылы бейбітшілікті жақтаушылардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық II конференциясына Қазақстаннан делегат болып қатысқан.

«Кавказ шыңында», «Бейбітшілікті сүйеміз» өлеңдер жинағының авторы.

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір орта мектебіне ақынның есімі берілген.

66 жыл бұрын (1946) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанда пантомимо өнерін қалыптастырушы ӨТЕПБЕРГЕНОВ Меңтай Смағұлұлы дүниеге келді.

Мәскеу цирк училищесін, Сергей Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1974 жылдан бастап Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етеді.

Актер 60-тан аса фильмге түсіп, қытай, чукча, бурят, якут, түрік, өзбек секілді 16 ұлт өкілінің бейнесін сомдаған. «Біз - ересектер», «Жаушы», «Ақ шаман», «Жеңімпаз», «Интердевочка», «Шанхай», тағы да басқа фильмдерде ойнаған.

40 жылдан аса уақыт бойы әр елдің түрлі маркаларын жинаумен шұғылданады. Ерланген (Германия) қаласындағы кинофилателистер клубының мүшесі болып табылады. «Маркалардағы әлем киносының тарихы» атты кітаптың авторы. Кітаптың тұсаукесер рәсімі Канн қаласындағы 51-ші Халықаралық кинофестивалінде өтті.

56 жыл бұрын (1956) Ақтөбе облысы Алға спорт мектебінің директоры, палуан, КСРО спорт шебері САУАНАЕВ Құсман Мұсағалиұлы дүниеге келді.

Алматы дене тәрбиесі институтын бітірген. Ақтөбе балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Алматы спорт училищесінің жаттықтырушысы, Талдықорған қаласындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы болған. 1998 жылдан бері Ақтөбе қаласындағы «Жарылқасын» спорт клубының аға жаттықтырушысы қызметін атқаруда. 1973-1974 жылдары «Спартак» спорт қоғамының құрамында республикалық жарыстың жеңімпазы атанып, Павлодарда өткен жарыста республика чемпионы атанса, 1977 жылы Қазақстан кубогының күміс жүлдесін иеленген. 1980 жылы Өскемен қаласында өткен Қазақстан біріншілігінің чемпионы атағын ұтып алып, еркін күрестен ұлттық құрама сапына алынған. 1981 жылдан бастап бірнеше мәрте Азия кубогының жеңімпазы, 1994 жылы Қазақстанның 13 мәрте чемпионы атанған. Ол жаттықтырған спортшылардың алтауы республика чемпионы болған. Сондай-ақ 2004 жылы Грекияда өткен Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларды жаттықтырған. Қазіргі қызметінде 2010 жылдан бастап істейді.

45 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-шақырылым депутаты, Қазастан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, доцент ТІЛЕУХАН Бекболат Қанайұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын және аспирантурасын бітірген. 1992-2001 жылдары - Алматы консерваториясының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі. 1996-1997 жылдары - Республикалық гвардия жанындағы Президент оркестрі фольклорлық ансамблінің жетекшісі. 1997-2001 жылдары - Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі. 2004-2007 жылдары - «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-шақырылымдағы депутаты болды.

«Парасат» орденімен марапатталған.

49 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары ҒАЛИЕВА Дина Төлеубекқызы дүниеге келді.

1963 жылғы 07 тамызда Жамбыл облысы Шолақ-Тау ауылында дүниеге келді, ұлты - қазақ. 1984 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын қаржы және кредит мамандығы бойынша  бітірді. 1984 жылғы тамыз - 1988 жылғы қараша аралығында Алматы қалалық атқару комитетінің Дәріхана басқармасының Ленин аудандық Орталық дәріханасының орталық аудандық бухгалтериясының аға экономисі болып жұмыс істеді. 1988 жылғы қараша - 1992 жылғы наурыз аралығында «Фармация» Алматы қалалық өндірістік бірлестігінде бухгалтер, аға экономист, жоспарлау-экономикалық бөлімі бастығының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 1992 жылғы наурыз - 1995 жылғы шілде аралығында «Фармация» Мемлекеттік акционерлік холдинг компаниясында экономикалық мәселелер бойынша бас маман, жоспарлау-қаржылық бөлімінің бастығы, экономика бөлімі бастығының орынбасары, баға белгілеу және экономикалық болжау бөлімінің бастығы қызметінде жұмыс істеген. 1995 жылғы шілде - 1997 жылғы мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп және бюджет департаментінің бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 1997 жылғы мамыр - 2002 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  Бюджетті жоспарлау және бақылау  басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2002 жылғы шілде -  2005 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2005 жылғы шілде -  2009 жылғы наурыз аралығында  «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ» АҚ» Басқарма Төрағасының кеңесшісі, бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2009 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Наградалары: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық  медалі (2001 ж.).

37 жыл бұрын (1975) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК бас директоры ХАМЗИН Рүстем Назымбекұлы дүниеге келді.

1975 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында туған, қазақ, білімі жоғары. 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, 2000 жылы Әділет Жоғары құқық мектебін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, 2005 жылы Саяси зерттеулер магистратурасы Ұлттық институтын (Токио қ.) бітіріп «Мемлекеттік саясат магистрі» дәрежесін алған. Еңбек қызметі «Қазкоммерцбанк» АБ Корпоративтік құнды қағаздар және қор нарығын талдау бөлімінің маманы (1996 ж.); «Глобал Казкоммерц» АОЗТ Корпоративтік қаржы бөлімінің, Зерттеулер бөлімінің, Корпоративтік қаржыландыру бөлімінің қаржы талдаушысы (1996-1997 ж.ж.); «Dostar Capital Markets» ААҚ Төрағасы орынбасарының сарапшы-консультанты, Корпоративтік қаржы және активтерді басқару департаменті Активтерді басқару бөлімінің бастығы (1997 ж.); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Сараптама-талдау бөлімінің, Мемлекеттік қызмет, кадрлар және бақылау бөлімінің консультанты (1997-1998 ж.ж.); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы, Әлеуметтік-экономикалық реформалар мәселелері бөлімінің, Әлеуметтік-экономикалық- талдау бөлімінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің сектор меңгерушісі (1998-2000 ж.ж.); Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік саясат департаментінің директоры, (2000-2002 ж.ж.); «Каспий Банкі» ААҚ филиалы директорының Бірінші орынбасары (2002 ж.); Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық қатынастар департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Аппарат басшысы (2002-2006 ж.ж.); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің, Талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі меңгерушісінің Бірінші орынбасары (2006-2007 ж.ж.); Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы (2007 -2009 ж.ж.); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Орынбасарының консультанты (2009-2010 ж.ж.). 2010 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК бас директорының міндетін атқарушы, 2010 жылғы 16 тамыздан ЗТМО РМҚК Бас директоры.

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысхатымен марапатталған (2001 ж.).