АСТАНА
9.15-те «Хилтон Экспо» қонақ үйінде Түркі кеңесінің Жұмыс тобы туризм бойынша 13-отырысын өткізеді.
10.00-де «Үкімет үйінде» Үкіметтің кезекті отырысы басталады.
11.00-де Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.
16.00-да Астана LRT ғимаратында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық «Нұр» филиалы «Жоғарғы технологиялардың дамуы» партиялық кураторлар комиссиясының отырысын өткізеді.
АЛМАТЫ
9.30-да «Қазақстан» ІІМ санаторийінде «Ядролық сынақтар мен оның салдарына мониторинг» тақырыбында Х халықаралық конференция басталады.
10.00-де Сайын көшесіндегі METRO сауда орталығында отандық көкөністер сұранысы, дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдер туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
12.00-де Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорында 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы БЖЗҚ қызметіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
ҚОСТАНАЙ
15.00-де зағип және көру қабілеті нашар велошабандоздардың халықаралық BLIND RACE ASTANA-PARIS веломарафоны өтеді.