ЕСІМДЕР
Мәскеу цирк училищесін, Сергей Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1974 жылдан бастап Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етті. Актер 60-тан аса фильмге түсіп, қытай, чукча, бурят, якут, түрік, өзбек секілді 16 ұлт өкілінің бейнесін сомдаған. «Біз - ересектер», «Жаушы», «Ақ шаман», «Жеңімпаз», «Интердевочка», «Шанхай», тағы да басқа фильмдерде ойнаған. 40 жылдан аса уақыт бойы әр елдің түрлі маркаларын жинаумен шұғылданды. Ерланген (Германия) қаласындағы кинофилателистер клубының мүшесі болды. «Маркалардағы әлем киносының тарихы» атты кітаптың авторы. Кітаптың тұсаукесер рәсімі Канн қаласындағы 51-ші Халықаралық кинофестивалінде өтті.
Алматы облысы, Көксу ауданы, Ақтекше ауылында туған. 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты.
Талдықорған облыстық сотының мүшесі (1983-1986). Талдықорған облысы Талдықорған ауданының халық судьясы (1986-1989). Талдықорған облыстық сот төрағасының орынбасары (1989-1994). Талдықорған облыстық әділет басқармасының бастығы (1994-1995). Талдықорған облыстық сотының төрағасы (1995-1997). Алматы облыстық сотының судьясы (1997). Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы (1997-2002). Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы (2002-2004). Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы (2004-2009). Қостанай облыстық сотының төрағасы (2010-2012). 2012 жылдан қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерекелі медальдарымен, «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған.
«Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлау» мамандығы бойынша В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы бастаған, экспедиция геологынан бастап орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасарына дейін өскен.
1993 жылдан бастап Батыс Қазақстан аумақтық геологиялық басқармасының бастығы, 1994 жылдан бастап Қарғалы геологиялық барлау экспедициясының бастығы, «Ақтөбегеология» АҚ директоры, «Зерттеу», 1996-1999 жылдары «Батысрудгеология» АҚ бас геолог болып жұмыс істеді.
1999-2008 жылдары «Батысқазжерқойнауы» геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы орынбасары болып жұмыс істеді.
2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Батыс Қазақстан өңіраралық «Батысқазжерқойнауы» геология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы.
2012-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы орынбасары лауазымына тағайындалды.
2014-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болды. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың маусымынан бері.
Алматы халық шаруашылығы институтын (1984) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
1984 жылдан - Алматы қалалық атқару комитеті Дәріханалар басқармасы Ленин ауданы Орталық дәріханасының аудандық орталық бухгалтериясының аға экономисі.
1988 жылдан - Алматы қалалық «Фармация» өндірістік бірлестігінің экономикалық-жоспарлау бөлімінің есепшісі, аға экономисі, бастығының міндетін атқарушы. 1992 жылдан - «Фармация» мемлекеттік акционерлік холдингтік компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі бас маманы, қаржылық-жоспарлау бөлімінің бастығы, экономика бөлімі бастығының орынбасары, баға белгілеу және экономикалық болжау бөлімінің бастығы. 1995 жылдан - ҚР Ұлттық банкі бухгалтерлік есеп және бюджет департаментінің бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы; 1997 жылдан - бюджеттік жоспарлау және бақылау басқармасының бастығы; 2002 жылдан - қызметкерлер құрамымен Жұмыс департаментінің директоры. 2005 жылдан - «Қазақстан халық банкі» ЖЗҚ» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі, төрағаның бірінші орынбасары.
2009 жылдың наурызынан бері - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын және аспирантурасын бітірген. 1992-2001 жылдары - Алматы консерваториясының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі. 1996-1997 жылдары - Республикалық гвардия жанындағы Президент оркестрі фольклорлық ансамблінің жетекшісі. 1997-2001 жылдары - Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі. 2004-2007 жылдары - «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымдағы депутаты болды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, 2016 жылдың наурызынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымдағы депутаты. «Парасат» орденімен марапатталған. ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Тәуелсіздік толғауы» ІІ Республикалық конкурсының «Айналайын, Азатым!» шығармасы үшін (Ерік Асқаровпен бірге) «Таңдаулы опералық шығарма» аталымындағы лауреаты. Халық әншілігі және орындау шеберлігі проблемалары бойынша бірнеше ғылыми еңбектері бар. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндер, көркем фильмдер музыкасының авторы.
Қарағанды облысында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1992 жылдан - «Алтын Алма» концерні» АҚ қаржылық жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі. 1993 жылғы маусымнан - ҚР Мемлекеттік мүлік комитетінің бас маманы, 1993 жылғы қазаннан - ҚР Мемлекеттік жекешелендіру қоры талдау бөлімінің бастығы. 1994 жылдан - «Комтех» ҒӨБ директорының орынбасары. 1996 жылдан - «Дәрен» БК ЖШС директорының орынбасары. 1997 жылдан - «Қазақстан темір жолы» РМК қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, бас директорлдың орынбасары, қаржы департаментінің директоры, бас директордың кеңесшісі, аппарат жетекшісі. 2001 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің аппарат жетекшісі. 2002 жылдан - «Жоғарғы экономика мектебі» ММ Менеджмент жоғары мектебінің тыңдаушысы. 2005 жылдан - ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасы одағының вице-президенті. 2007-2017 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы бастығының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2017 жылдан бері.