7 тамыз. Туған күн иелері
ЕСІМДЕР
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын және аспирантурасын бітірген. 1992-2001 жылдары – Алматы консерваториясының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі. 1996-1997 жылдары – Республикалық гвардия жанындағы Президент оркестрі фольклорлық ансамблінің жетекшісі. 1997-2001 жылдары – Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы. 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі. 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі. 2004-2007 жылдары – «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2007-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымдағы депутаты болды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, 2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымдағы депутаты.
2021 жылдың желтоқсанынан бастап бастап қазіргі қызметінде. «Парасат» орденімен марапатталған. ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тарих және саяси экономика мамандығы бойынша бітірген (1992); Сент-Галлен университеті, банк ісі және қаржы саласындағы MBA (1994).
Еңбек жолы: Талғар аудандық әкімшілігі басшысының көмекшісі (1993-1994); консалтинг/компанияны басқару (1994-2000); Ислам даму банкінің Қазақстандағы өкілі (2001-2005); «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ президенті (2005-2006); Еуразиялық даму банкінің Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы (2006-2010); ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы ИЫҰ елдері бойынша кеңесші (2010-2019); және шамамен. Ислам Даму Банкімен ынтымақтастық жөніндегі өкіл, ИДБ-нің 7 мүше-еліне жауапты атқарушы директоры (2011-2014); ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі аға сарапшысы (2018-2019); Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Бас директорының міндетін атқарушы (05.2019-08.2019).
2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі қызметінде.
Жаһандық исламдық қаржыландыру индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін Жаһандық исламдық қаржыландыру сыйлығының иегері.
Шығыс Қазақстан облысында туған. 1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша, 2000 жылы қыржы және несие мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы: 1993-2000 жылдары мамандағы бойынша түрлі салаларда қызмет атқарған. 2000-2001 жылдары – «ШҚО қоршаған ортаны қорғау қоры» ММ бас маманы. 2002-2008 жылдары – «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ жалпы, қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы. 20018-2012 жылдары – «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы. 2012-2014 жылдары – ШҚО Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары. 2014-2016 жылдары – «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары. 2016-2019 жылдары – ШҚО Өскемен қаласы әкімінің орынбасары. 2019-2020 жылдары – ШҚО Бородулиха ауданының әкімі.
2020 жылдың тамызынан бастап қазіргі қызметінде.
Қарағанды облысында туған. Қазақ тұтыну кооперациясы институтын бітірген, экономист-бухгалтер; «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университеті, заңгер.
Еңбек қызметі: «Қарағандыавтодор» МКҚК жол қорын жинау бөлімінің бас маманы (1996-1998); экономист; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бюджет басқармасының жетекші экономисі, бас маманы (1998-2001); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаментінің бөлім бастығы, бастығының орынбасары (2001-2003); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қаржылық реттеу департаменті директорының орынбасары, Қаржы департаментінің директоры (2003-2008); «ҚазАвиаЛизинг» АҚ инвестициялар және лизинг жөніндегі вице-президенті (2008-2009); «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» АҚ вице-президенті (2009-2010); Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Қаржы және құжаттама департаментінің директоры, (2010-2011); Қаржы департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды және халыққа қызмет көрсету орталықтарын бақылау комитеті төрағасының орынбасары (2011-2012); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және коммуникация комитеті төрағасының орынбасары (2012-2014); «Қазаэронавигация» РМК басқарушы директоры (2014-2019); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкері, Өңірлік даму департаменті басшысының орынбасары (2019-2022); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі басшысының орынбасары (02.2022-04.2022).
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысында туған. 1997 жылы Алма-Аты жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 2007 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетін, 2017 жылы Ресей Федерациясы Қарулі күштері Бас штабының әскери академиясын тәмамдаған. Еңбек жолы: 2003-2005 жылдары – 43053 әскери бөлімшенің танк взводының, танк ротасының командирі, штаб бастығы – танк батальоны командирінің орынбасары, батальон командирі; командирі; 2005-2007 жылдары – 32039 әскери бөлімшесінің командирі; 25744 әскери бөлімшесінің штаб бастығы – командирдің бірінші орынбасары; 2007-2012 жылдары – 10810 әскери бөлімшесінің командирі; 2012-2013 жылдары – 25744 әскери бөлімшесінің командирі; 2013-2017 жылдары – өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы; 2017 жылы – Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) – ҚР ҚК ӘҚ десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы; 2017-2020 жылдары – штаб бастығы – ҚР ҚК ӘҚ десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары; 2020-2021 жылдары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. 2021-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Аэро-десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы.
2022 жылдың жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген (2006).
Еңбек жолы: «NRG-A» ЖШС экономисі, Астана (2006-2007); «ZTM» ЖШС материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі бас маманы, Астана қаласы (2007-2008); «Кристалл микрокредиттік ұйымы» ЖШС директорының орынбасары, Астана қ. (2008-2009); Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Талдау және бақылау департаментінің сарапшысы (01.2010-05.2010); Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Біріктірілген талдау және халықаралық байланыстар департаменті халықаралық қатынастар және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің сарапшысы (05.2010-11.2010); жобаларды әзірлеу және әзірлеу департаментінің контент менеджері, Астана қаласы (04.2011-07.2011); Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Стратегиялық жоспарлау және халықаралық байланыстар департаменті стратегиялық жоспарлау және бақылау басқармасының бас сарапшысы (2011-2012); Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бағалау басқармасының басшысы (2012-2013); Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Транзиттік және көліктік логистиканы дамыту департаментінің директоры (2013-2017); ҚР ИДМ Әдеп жөніндегі уәкілі (бір мезгілде) (2016-2017); Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары (2017-2020 жж.).
2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі қызметінде.
2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін», «Экология саласының үздігі», «Қазақстан Республикасының экология саласының 30 жыл» медальдарымен марапатталған.