7 тоннадан астам дельфин еті тәркіленді

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Тайваньда билік 7 тоннаға жуық дельфин етін тәркіледі деп жазады «Газета.Ru».

Мұздатылған өнімдер өндіретін кәсіпорында іздестіру барысында тыйым салынған өнімнің ең ірі партиясының бірі табылды.

Өнім алу үшін 150-ге жуық дельфин өлтірілгені белгілі болып отыр.

Кәсіпорын иесі етті жергілікті балықшылардан сатып алғанын айтады. Енді оны 5 жылға дейін бас бостандығынан айырып, сонымен қоса 50 мың доллар айыппұл салынады.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.