«Медициналық сараптаманың ресми қорытындысына сәйкес Ернұр Сәдуақас жоғалған күні түнде қайтыс болған. Таулы аймақ болғандықтан жаңбыр жауып, күн салқындаған. Балаға 14-нен 15-ші шілдеге қараған түні суық тиіп, көз жұмған. Құтқарушылар мәйіт жатқан аумақты бір емес бірнеше рет тінтіген. Алайда адам бойымен бірдей итмұрынның қалың бұталары арасына кіру мүмкін болмаған»,-деді Сергей Незнаев.
Еске сала кетсек, 14 шілде күні жоғалған Ернұр Сәдуақастың денесі Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан 8 шақырым қашықтықтағы тау баурайынан табылған еді.