Атап айтқанда, Қызылорда шекара отряды 2019 әскери бөлімінің аға лейтенанты Рахымжан Түзелов 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қоныс колониясында өтейтін болды. Ал, оның қарамағындағы төрт шекарашыға 1 жыл шартты жаза тағайындалды. Кінәлі деп танылған шекарашылардың барлығының да әскери шені тартып алынды.
Еске салайық, оқыс жағдай осы жылдың 8-ші ақпан күні болған еді. Ойын баласы әкесінің қызметтік қаруынан ажал құшқан. Осы оқиғаға қатысы бар бес шекарашының үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілген болатын. Сот отырысы барысында қарудан қаза тапқан баланың ата-анасы шекарашыларға кешірім берген еді. Алайда, бұл әскерилерге жаза тағайындауға кедергі келтірмеді.