7 желтоқсан күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 7 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Фото: Pixabay

9.00-да SHERATON қонақ үйінде «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

9.00-де «Radisson» қонақ үйінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

10.00-де халықаралық спикерлердің қатысуымен корпоративтік басқару тақырыбында ұлттық форум өтеді. Мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 55/19.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы болады.

10.00-де Құрылыс-техника колледжінде «Үздік электромонтаждаушы-2023» және «Үздік дәнекерлеуші-2023» байқаулары өтеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары» туралы онлайн конференция өтеді.

Спикер: Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.

Көрсетілім сілтемесі: Facebook

11.00-де Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана-Теплотранзит» АҚ 2024 жылға арналған жылу энергиясын беру және бөлу саласындағы тарифті өзгертуге өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев. 

Көрсетілім сілтемесі: youtube, facebook

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков.

Көрсетілім сілтемесі: youtube, facebook.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Франция елшілігі заманауи француз шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беретін екі көркем жобаны ұсынады.

17.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы бірыңғай сағат белдеуі» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Көрсетілім сілтемесі: youtube, facebook

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Кабаре жұлдызы» музыкалық комедиясы сахналанады.