Атап айтқанда, 2009 жылы мерзімі өткен қарыздың көлемі (3 айдан аса) 4,6 млрд. теңге болса, 2016 жылғы мамыр айындағы мәлімет бойынша 108,2 млн. теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, аталған мерзімде аймақтардағы мемлекеттік еңбек инспекциясының жүргізген тексерулері нәтижесінде, (106 мыңнан астам тексеріс) 435 мыңнан астам қызметкерлердің құқығы қорғалып, оларға тиесілі 46,5 млрд. теңге төлемақы қайтарылды.
«ҚР ДСӘДМ мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, еңбек даулары туындау тәуекелдеріне, қызметкерлердің қысқартылуы мен жұмыстан босатылуына және жалақының уақытылы төленуі бойынша тұрақты негізде бақылау жүргізуде»,-делінген министрлік мәліметінде.