70-ке жуық қаракүзен тонынан айырылып, жер сипап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласындағы құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, өткен түнде қылмыскерлер Дмитрий Ульянов көшесінде орналасқан тері салонына жасырын кіріп, бағалы тондарды жымқырып кеткен.

Қазіргі уақытта полиция баукеспелердің кімдер екенін, ұрлықтың мән-жайын анықтау үшін бейнебақылау камерасындағы жазбаларды зерделеуде. Сондай-ақ материалдық залалдың нақты сомасы есептелуде, деп хабарлады ИТАР-ТААС.