70 мың доллардың көлігі күн сәулесімен шағылысып балқып кетті

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Лондонның тұрғыны қызық жайтқа тап болды. Оның Jaguar XJ көлігі салынып жатқан ғимаратқа түскен күн сәулесімен шағылысып, ыстықтан балқып кеткен, деп хабарлайды РБК.

Британдық Мартин Линдсей құны 70 мың доллар тұратын Jaguar XJ көлігін салынып жатқан сырты әйнекпен қапталған ғимараттың жанына тастап кетеді. Қайтып келсе, бір үйдің құнымен тең аттай көлігінің пластикалық құрылғылары түгелдей балқып кеткен. Тергеу барысында бұған ғимараттың әйнегімен шағылысқан күн сәулесі себеп болғаны анықталды.

37 қабатты ғимараттың жобалаушылары көліктің иесіне барлық шығынды өтеуге уәде берді және болашақта тағы мұндай жағдай қайталанбас үшін ғимаратты салуда кеткен олқылықтарды түзеуге тырысамыз деді.