Бұл операторлар күніне 12 мың қоңырау, ал жылына 5 миллионға жуық қоңырауға жауап береді екен. Бұл бірыңғай байланыс орталығының операторлары мемлекеттік қызметтің 736 түрі бойынша толық ақпарат тарата алады.
«Байланыс орталығының жұмыс кестесі - жылына 365 күн, күніне 24 сағат. Опеаторлар кезекпен сегіз сағаттан жұмыс істейді. Мүгедек жандар ҚР Заңына сәйкес, күніне жеті сағат жұмыс істейді. Күніне бір сағат үзіліс бар және 15 минуттан екі реттік техникалық үзіліс бар. Жалақылары - 70 мың теңге. Келесі жылы еңбекақы 20 пайызға артуы мүмкін», - деді Бірыңғай байланыс орталығының директоры Анар Ұлманова журналистерге арналған пресс-тур кезінде.
Бірыңғай орталықтың қызметкерлері міндетті медициналық сақтандыру, еңбек демалысына шыққан кезде 2 айлық көлемінде көмек, тоқсан сайынғы сыйақы алады екен.