70 тонналық алып динозавр сүйегі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер шарында өмір сүрген ең алып тіршілік иесі динозаврдың тасқа айналған сүйегі Аргентинада табылды. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл жайында палеонтологтар мәлім етуде.

Динозаврдың жамбас сүйегінен бұл жануардың ұзындығы 40 метрге, ал биіктігі 20 метрге (7 қабатты ғимаратпен тең) жеткендігін болжауға болады. Оның салмағы алдын ала болжам бойынша 77 тоннаны (14 африкалық пілдің салмағы) құраған.

Ғалымдардың пайымынша, ол шөпқоректі алып динозавр - титанозаврдың жаңа түрі болуы мүмкін.