70 жастағы австралиялық Ла-Маншты 12 сағатта жүзіп өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 70 жастағы австралиялық Ла-Маншты жүзіп өткен ең қарт адам болды, деп хабарлады Би-би-си.

Сидней тұрғыны Сирил Бэлдок Британиядан Францияға 12 сағат 45 минуттің ішінде жүзіп жетті.

Бұдан бұрын, 1985 жылы австралиялық бір адам шоколод пен шырын ішу үшін бірнеше рет демалып, осы арнаны жүзіп өткен болатын.

Жүзу барысын «Твиттерден» көруге болады, өйткені австралиялықтың қолдау тобы әр сәт сайын оны жаңартып отырды.

Sydney Morning Herald газетінің хабарлауынша, бала кезінде Сирил судан қорқатын және тыныс жолдары сырқатынан зардап шеккен еді.

Дегенмен, Бэлдоктың рекорды жақын арада жаңармақ. Осы аптада Австралиядан 73 жастағы әйел Ла-Маншты жүзіп өтуге бекініп отыр.