70 жастағы қарт жиған-терген 18,2 мың долларын ауылындағы көпірдің салынуына жұмсады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 70 жастағы У Юэюн жинаған ақшасының бәрін көпірдің құрылысына берді. Мұндай қадамға ол туған ауылының жөндеу жұмыстары үшін қажетті қаржыландыру алмағанын естігеннен кейін барған.

Оның берген ақшасының сомасы шамамен 18,2 мың долларды құрады. Қарт ер адам көше сатушысы болып жұмыс істеп, бұл ақшаны төрт жыл жинаған еді.

Көпірдің құрылысы У үшін үлкен маңызы бар, себебі балалық шағында ол бұл көпірмен көршілес ауылдағы достарына жүгіріп барып-келіп жүрген. Бірақ төрт жыл бұрын көпір толассыз жауған нөсер салдарынан опырылып құлады.