70 жастағы павлодарлық Грекияда гір спортынан рекорд жаңартты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарлық спортшы Валентин Ухов Грекияда өзінің жас ерекшелігіне қарай әлемдік рекорд жаңартып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодардық спортшылар командасы гір спортынан Грекияда өткен әлем чемпионатынан алтын медальдармен оралды.

Мәселен, ардагер Валентин Ухов өзінің жастық тобында 16 келілік гір тасын 64 рет көтеріп рекорд орнатты. Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы оны жан-жақты дайындалған спортшы және белсенді азаматтық позициялы адам ретінде бағалады. Валентин Ухов гір көтеріп қана қоймай, жеңіл атлетикамен де айналысады. Павлодар облысының ардагерлер командасы алдағы уақытта Оңтүстік Кореяда өтетін чемпионатта өнер көрсетпек. Алайда, ол чемпионатқа Уховтың баратыны әзірге белгісіз, барлығы спортшылардың жолын қаржыландыру мүмкіндіктеріне байланысты.

Валентин Уховтың Павлодар облысы ардагерлер командасының атынан шығып жүргеніне біраз уақыт болды және ол бірталай жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап келді. Жалпы айтқанда, бұл категорияда Павлодар облысында спортта айтарлықтай жетістікке жеткен басқа да ақсақалдар есімін атауға болады, мәселен: жеңіл атлет, шаңғышы, дзюдодан КСРО спорт шебері Владимир Кривушкин, марафоншы Александр Таранченко, сондай-ақ, боксшылар Омар Жанарғалиев, Серік Серғазин және басқалар.

Гір спортынан Грекияда өткен әлем чемпионатына 25 елдің командалары қатысты. Ең саны аз команда Қазақстан құрамасы болды.