700 литр жанармайды заңсыз алып өтпек болған қырғызстандық азамат ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы «Мерке» жеке өткізу бекетіне қарасты «Айшабибі» өткізу-бақылау бекетінің шекарашылары кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып 700 литр солярканы жасырын түрде елімізден қырғыз жеріне өкізбек болған 26 жастағы Қырғызстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Тексеру кезінде оның жүгі «Бішкек - Талас» бағытында келе жатқан автобустың багажына салынғандығы анықталды. Нақтырақ айтқанда, ол азамат әрқайсысы 200 литрден тұратын 4 бірдей бөшкені жарияламай-ақ, мемлекеттік шекарадан алып өтуге тырысқан.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды, тергеу амалдары жүргізілуде.