Зейнеткердің ойындағы лақап аты - Аташка. Атаға танымалдылық YouTube-та жеке арнасын ашқаннан кейін келген. Ол онда ойындардың видеосын салып, бастауыш ойыншыларға ақыл-кеңестерін береді.
Барлығы екі ай бұрын басталған көрінеді. Зейнеткер шахматтан жалығып, немерелерінің компьютердегі ойындарына зер сала бастаған.
«Әрине, барлығын бірден үйреніп кетпедім. Мен үздік ойыншы емеспін, бірақ ұмтылар белестерім бар, генерал болуға ұмтылмайтын солдат - нашар солдат. Расымды айтсам, бұл ойында шынайы өмірдегі эмоцияларды сезінесің - қуаныш, өкініш. Ойнай бастағалы бері, немерем өтірік айтқызбас, мүлдем дәрі-дәрмек ішкенім жоқ», - дейді Аташка.
Әуелде онлайн-қатысушылар зейнеткерді жасына байланысты ойынға қабылдағысы келмеген. Ал қазір оның тұрақты қарсыластары мен фанаттары бар. Атаның ендігі мақсаты - CS: GO турниріне қатысу.