Министрдің айтуынша, 2010-2016 жылдары аралығындағы 7 жыл ішінде және 2017 жылдың 9 айында Индустрияландыру картасы аясында жалпы 5,5 трлн теңге соманы құрайтын 1 080 жоба енгізіліп, 101 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды. 2017 жылдың 9 айында 800 млрд теңгенің 52 жоба іске қосылып, 4,5 мың тұрақты жұмыс орындары ашылды.
«2017 жылдың соңына дейін шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін 700 млрд теңген астам соманың 80-нен астам жобасын аяқтау жоспарлануда. Осы жылдың басында Елбасы айқындап берген 72 проблемалық жоба бойынша жұмыс ерекше бақылауда. Осылайша, ағымдағы жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша аталған проблемалық жобалардың 56 пайызы немесе 40 жоба бойынша барлық мәселелер шешілді. Олар тұрақты жұмыс істеуде, жүктелім жобалық қуаттан 50 пайыз және одан көп. 13 жоба 50 пайызға дейін жүктелген. Осы жобалар бойынша әкімдіктермен бірлесіп оларды жүктеу бойынша жұмыс жүргізілуде. 8 жоба немесе 11 пайызымен жұмыстар жалғасуда. Бүгінде біз кредиторлармен қаржылық проблемалар, тапсырыстардың болмауы, әлемдік бағалардың құлдырауы, айналым қаражаттарының болмауы сынды проблемаларымен жұмыс істеудеміз», - деді Жеңіс Қасымбек.
Оның сөзіне қарағанда, қалған11 жоба әрі қарайғы жұмыс істеуден бас тартқан.
«Әрбір жоба бойынша Жол картасы қабылданды. Кәсіпорындарға инвесторларды іздеу, жер қойнауын пайдалануға шарттар жасау, екінші деңгейлі банктер арқылы кредиттеу, өңірдің кәсіпорындарына өнімді сатуға жәрдемдесу секілді мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді», - деді ол.