94 жастағы Бернис Арлин Паттерсон телеарнаға аралар оған үйінің ауласын тазартқан кезде шабуылдағанын айтып берген. Олардың ұясының үстінен шыққан әйелге жәндіктер бас салған.
Паттерсон жандәрмен қашуға тырысқанымен, құлап қалған. Анасының жанұшыра көмекке шақырған даусын естіген ұлы араларды сыпырғышпен ұра бастайды. Бағына орай қолына жәндіктерге қарсы химиялық құрал түсіп, оны сепкен соң ғана аралар ұшып кеткен.
Бұл оқиғадан кейін Паттерсон ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның денесін 74 рет шаққанын анықтады. Қазіргі кезде кейуананың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.