Футболшының ұлы Эдиньо журналистерге Пеленің денсаулығы жақсарып келе жатқанын және жуық арада әкесі ауруханадан шығатынына сенімді екенін айтты.
Еске сала кетейік, 24 қарашада 74 жастағы Пеле несеп жолындағы инфекцияға байланысты ауруханаға түскен.
Пеле Бразилия құрама командасы үшін 92 ойынға қатысып, 77 гол соққан. Әлем чемпионаттарында үздік ойыншы атағын алу жағынан рекорд орнатқан.