74 жастағы жапониялық 2016 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 74 жастағы Хокэцу іріктеу кезеңіне қатысуға өтініш білдірді. Егер оның қорытындысы бойынша Рио-де-Жанейродағы ойындарға жолдама алса, онда ол Олимпиада ойындары тарихындағы жасы ең үлкен спортшы атанады.

Әзірге бұл атаққа 1920 жылы Антверпенде (Бельгия) Олимпиадаға 72 жасында қатысқан швециялық атқыш Оскар Сван ие. Ол күміс медальға ие болған.

Хокэцу Жапониядағы 1964 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан.

Ол спорттық жолында үш рет Олимпиадаға қатысқан. Оның ішінде 2012 жылы 71 жасында Лондондағы ойындарға қатысты, деп жазды tass.ru.