Аудан орталығы Зеренді кентінде ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Мереке Мұстафин, Ақмола облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Руслан Қасымов, республикалық Қорғаныс істері ардагерлері қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының төрағасы Жанат Ережепов, Ауған соғысының ардагерлері облыстық одағының төрағасы Дуанбай Ыбраев жəне марқұмның інісі Айдос Əбутəліпов, майдангер мен тыл еңбеккерлері жəне аудан тұрғындары қатысты.
«Бүгін зеренділіктер тарихи оқиғаның куəсі болып отыр. Осыдан 74 жыл бұрын хабарсыз кеткен жерлесіміздің жерленген жері анықталып, бір уыс топырағы туған ауылына жеткізіліп отыр. Осындай игі іске үлес қосқан баршаңызға аудан тұрғындары атынан шынайы алғысымды білдіремін», деді аудан әкімі Мереке Мұстафин.
Қайырқожа Əбутəліпов Зеренді ауданы Қарашілік ауылының тумасы. 1942 жылы майданға аттанып, Волховский майданында 286-шы атқыштар дивизиясының 986-шы полкі 5-ші атқыштар ротасында соғысты.
«Қызыл жұлдыз», «Ерлігі үшін» сияқты бірқатар медальдармен марапатталған. 1944 жылы қаза тауып, Эстонияның Андресаре ауылы маңында бауырластар зиратына жерленген. Туыстары оның жерленген жерін тек 74 жыл өткеннен кейін ғана анықталып отыр.