Танымал актер өмірінде бірінші рет отбасын құрмақ екен. Мұндай шешімді ол Аргентинаның сұлу актрисасын көргеннен кейін ғана қабылдаған, деп жазады Дни.ру.
Актер таңдаған сұлудың есімі - Люсила Сола. Телесериалдар арқылы танымал болған. Америкалық «Total Film magazine» журналына берген сұхбатында актер Люсилаға ессіз ғашық болғанын жасырмапты. БАҚ-тың жазуынша, атақты актердің некелеспеген әйелінен туған үш баласы бар. Үлкен қызы Паячино 25 жаста болса, егіз ұл-қызы 14-те.