75 долларлық планшетті компьютерлер таныстырылды
15:26, 28 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - «One Laptop Per Child» («Әр балаға бір-бір компьютерден») халықаралық жобасы өзінің жүз долларлық ноутбугінің, бұл жолғы құны 75 долларлық, үшінші моделін таныстырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Бұл майысқақ сенсорлы экраны және 8 ядролық гигагерцтік процессоры бар планшетті су өткізбейтін пластикалық компьютер 2012 жылы шығарылуы мүмкін.
Оның негізін қалаушы профессор Николас Негропонте (Nicholas Negroponte) жобаның техникалық ерекшеліктері туралы айта келіп, XO-3 сенсорлық экранның мөлшері 8,5х11 дюймді құрайтынын, ал планшеттің өзі электр энергиясын 1 ваттан да аз тұтынатынын, iPhone -ден екі есе жұқа болатынын хабарлады.
Негропонтенің айтуынша, түптеп келгенде бұл планшеттің шығарылатыны басты мақсат емес, ең бастысы - оның шығу қаупінің өзі компьютер индустриясының өкілдерін өз өнімдеріне деген бағаны төмендетуге мәжбүр ететін болады.