КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық 76 жастағы ардагер самбошы Кипрде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа Қазақстан, Франция, Эстония, Болгария, Литва, АҚШ, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей тәрізді 25 елден барлығы 500-ден астам спортшы қатысып, күш сынасты.
«Ұлттық құрама сапында болған 76 жастағы жерлесіміз Смағұл Ахметжанов 74 келі салмақтағылар арасында жүлделі үшін орыннан көрінді», дейді ведомстводан.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.