Университеттің ректоры Оле Петтер Оттесен мәлімдегендей, «Норвегиялық түрмелерде жазасын өтеушілердің барлығы егер талапқа сәйкес келсе, жоғары білім алуға құқығы бар.
Брейвикті университетке қабылдау туралы берген екі жыл бұрынғы өтініші біліктілігі жеткіліксіз болуына байланысты кейінге қалдырылған. Шешімді қайта қарау себептері айтылмайды.
Бұдан бұрын Норвегияда бірнеше атышулы қылмыс жасаған айыптылардың өтінішін қарау керек пе, жоқ па деген тақырыпта пікірталас өткен.
Утойя аралындағы жастар лагерінде қырғын ұйымдастырып, 21 жылға сотталған Брейвиктің мерзімі ұзартылуы мүмкін.