Бұл туралы бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік - енді « 77» және « 76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді. Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдардағы аталған проблема шешілді»,-деп жазды министр.