77 жастағы жазушы 20 жыл тыңшы болғанын мойындады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшын жазушысы Фредерик Форсайт 20 жыл Британияның МИ6 барлау қызметіне агент болғанын айтты, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Бұған дейін де әдебиетшілер 77 жастағы жазушының тыңшы екенін оның романдарындағы шынайы көріністерден байқаған. Алайда, ол енді ғана ағынан жарылып отыр. Жазушы Родезия (Оңтүстік Африка), Шығыс Германиядан МИ-6-ға ақпараттар жолдап отырған.