12 қарашада Астанада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау аяқталды, деп хабарлайды Кazinform елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Qatysu.zhilfond.kz порталына барлығы 5 623 өтінім түскен.
Сатып алу құқығынсыз арендаға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді.
«Азаматтардың өтінімдерінің қаралу статусы туралы ақпарат өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі. Қорытынды zhilfond.kz сайтында жарияланады», - делінген әкімдік мәліметінде.
Гүлмира Алякпарова
«Қайнар» университетін – «қазақ тілі және әдебиет», Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«ҚазАқпарат» ХАА-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді.