- Әділет министрлігі 2026 жылғы 12 шілдеге дейін өтініш берген пәтер иелері кооперативтерін (бұдан әрі – ПИК) және пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерін (бұдан әрі – ПИТК) қайта тіркеу нәтижелері туралы ақпарат ұсынды. Бүгінге дейін 395 ПИК және 132 ПИТК қайта тіркеуден өтті. Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылуына байланысты 78 ПИК/ПИТК-ны қайта тіркеуден бас тартылды,- деді Рахымжан Исақұлов.
Оның атап өтуінше, тіркеуден бас тартудың негізгі себептері мыналар:
- құрылтай құжаттарының «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңдардың талаптарына сәйкес келмеуі;
- қатысушылардың құрамы және кондоминиум объектісін басқару органының орналасқан жері туралы мәліметтердің дұрыс болмауы;
- қажетті мәліметтердің болмауы;
- меншік иелері жиналысын шақыру және оның шешімін ресімдеу тәртібінің бұзылуы.
- Сонымен қатар, қайта тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған ПИК/ПИТК ұсынған құжаттарды қайта қарау үшін жоғары тұрған органдардың тиісті тапсырмасы немесе мүдделі мемлекеттік органдардың өтініші қажет екенін атап өтеміз. Себебі қолданыстағы тәртіпте белгіленген рәсімдерден тыс құжаттарды қайта қарау көзделмеген, - деді вице-министр.
Бұған дейін Мүлік иелері бірлестігі төрағаларының құзыретіне қатысты бірқатар дәл емес әрі екіұшты ұғымдар анықталғанын, бұрынғы МИБ төрағасының ЭЦҚ-сына тәуелділіктен қалай арылуға болатынын жазған едік.