78 жастағы Берлускони үшінші рет үйленбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони мен оның қазіргі өмірлік серігі Франческа Паскали маусым айында үйленбекші. Атап өтейік, 78-ге аяқ басқан медиамагнаттың бұл үшінші некесі.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Берлускони мен Паскали Кампания өңірінде орналасқан Искья аралындағы Лакко Амено деген жерде некелерін қимақ. Азаматтық некелесу рәсімін отбасылық досы, экс-премьердің «Алға, Италия» партиясының серіктесі, сенатор Доменко Де Сиано өткізеді делінген. Бұл хабарды жұптың айналасындағы дереккөздер растап отыр.