-7°С аяз, қар, шаңды дауыл: синоптиктер ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірқатар өңірінде 18 қазанда ауа райы күрт бұзылады. Синоптиктер қар, көктайғақ, тұман мен шаңды дауыл болатынын ескертіп, түнде ауа температурасы -7°С-қа дейін төмендейтінін хабарлады.

Фото: Алина Төлеубаева / Kazinform

Атырау облысы

Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өңірде өрт шығу қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.

Атырау қаласында да күндіз шаңды дауыл соғып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні 15–18 м/с болады. Қалада өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысы

Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ақтау қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпіні 15–20 м/с болады.

Ақтөбе облысы

Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында өрт шығу қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.

Алматы облысы

Күндіз облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысып, екпіні 15 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігі мен батысында 1–6 градус аяз болады деп күтіледі.

Қонаев қаласында түнде ауа температурасы 1–3 градус аязға дейін төмендейді.

Абай облысы

Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.

Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен шығысында 15–20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысы мен орталығында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Жезқазған қаласында да өрт шығу қаупі төтенше деңгейде болады.

Қарағанды облысы

Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Облыстың батысында өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысы

Облыстың батысында аздаған жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Күндіз батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қызылорда облысы

Күндіз облыстың шығысы мен орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус аяз күтіледі. Өрт шығу қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.

Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Қалада өрт шығу қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Астана қаласы

Түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысы

Облыстың батысында тұман болады деп күтіледі.

Жетісу облысы

Түнде ауа температурасы 2–7 градус аязға дейін төмендейді.

Талдықорған қаласында түнде 5–7 градус аяз болады.

Жамбыл облысы

Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с-қа жетеді.

Түнде облыстың шығысында 2 градус аяз күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың оңтүстігінде 15–20 м/с-қа жетеді.

Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Түркістан облысы

Облыстың таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні батысы мен таулы аудандарында 15–20 м/с-қа жетеді.

Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус аяз күтіледі.

Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Көкшетау қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Бұған дейін қазақстандықтарға бірден алты қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатыны ескертілген еді.

Бұған дейін алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтілетінін жаздық. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар жауады, ал батыста жаңбыр жауады. Тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша тұман түседі, елдің шығысында көктайғақ күтіледі. Батыс өңірлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1–7 градус аяз болады.