8-9 маусым күндері елорда көшелерінің кейбір бағыттары жабылады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Астанада бүгін және ертең бірқатар көшелердегі көлік қозғалысына шектеу қойылады, дейді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламада «Елордамызда ресми шаралардың өткізілуіне байланысты: Мәңгілік ел, Ұлы дала, Республика, Абай, Кенесары, Тәуелсіздік, Нәжімеденов, Сығанақ, Қабанбай батыр көшелерінде көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады», - делінген.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша келеңсіздікке түсіністікпен қарауды сұрайды.