8 адам қаза тапты: Оралдағы жол апатына қатысты жаңа мәлімет анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 8 адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот-медициналық сараптамаға сәйкес «Nissan Maxima» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі мас болған. Ол басып озу кезінде қарсы бетке шығып кетіп, 40 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «Лада 11183» автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан 8 адам қаза болды.

Сот-медициналық сараптама «Лада 11183» автокөлігінің жүргізушісі ішімдік ішпегенін көрсеткен.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша «Лада 11183» көлігінің рулінде болған Серік Макаров Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің жүргізуші-санитары болып жұмыс жасаған. Ол өзінің жеке көлігімен тойдан қайтып келе жатқан. С.Макаровпен бірге әйелі, екі баласы және жақын туыстары, барлығы 8 адам көз жұмды.

Еске салайық, бұдан бұрын Оралда жол апатынан 8 адам қаза тапқанын, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.