8 ақпан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 8 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

8 ақпан СЕНБІ

Ресей ғылымының күні. РФ Президентінің 1999 жылғы маусымның 7-індегі жарлығымен белгіленген. 283 жыл бұрын (1724) Петр I жобасымен және Сенат Жарлығымен Санкт-Петерборда Ғылым академиясының негізі қаланды. Ол Ресейдің алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемесі болды.

Әскери топограф күні. 1812 жылы Ресейде әскери топографиялық істің тәртібі бекітілді. Құрылым патша жарлығымен құрылып, мәртебесі бірнеше рет ауысқан. Бүгінде РФ Қорғаныс күштерінің Бас штабының Әскери-топографиялық басқару деп аталады. Ресми түрде 2004 жылдан бері аталып келеді.

Словендік мәдениет күні немесе Прешерн күні. Франце Прешерн (1800 жылдың 3 желтоқсан - 1849 жылдың 8 ақпаны аралығында өмір сүрген) - атақты словен ақыны, слевен әдебиетінің негізін қалаушы, романтизм жанрының өкілі, сондай-ақ неміс тілінде жазған шығ,армалары кең таралған.

1944 жылы Франце Прешерн қайтыс болған күн Словендік мәдениет күні немесе Прешерн күні деп жарияланған.

Р иэлтор күні. Жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби мерекесі. Дәл осы мерекені осы күні атап өтуді 2008 жылы Ресей риэлторларының ұлттық кеңесі» ұсынған.

Жас антифашист-батырлар күні. Атифашистік көтерілістердің қатысқан балалардың қайтыс болуына байланысты осылай аталған. Атап айтқанда, француз баласы Даниэль Фери мен ирактық оқушы Фадыл Жамалдың құрметіне берілген. Бұл екі баланың өмірі араға бір жыл салып бір күнде және бір сағатта қиылған. Фери 1962 жылы, ал Жамал 1963 жылы қайтыс болған. Сондай-ақ 1943 жылы бұл күні фашистердің қолынан қаза тапқан кеңестік жасұландықтар мен француздық лицеистерді еске алады.

Мальбородағы шарап мерекесі күні. Жаңа Зеландиядағы ең үлкен шарап мерекесі. Мальборо - Оңтүстік аралының солтүстік-шығысында орналасқан, бүгінде әлемге танымал шарап шығаратын, сондай-ақ елдің ең үлкен аралды аймақ. Дәл осы дерде ақпан айының екінші демалысында Шарап мерекесі өтеді.

Аталмыш мерекенің тойланып басталғанынан көп болмаса да, жыл сайын оның танымалдығы артып келеді. Себебі, аталған мерекеге ел халқынан бөлек, жыл сайын туристер де көптеп келуде. Мереке дәстүрлі түрде Montana Brancott Estate шарапханасында өткізіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1 жыл бұрын (2013) Павлодар педагогикалық университеті «Зеленая роща» демалыс аймағында өзінің шаңғы базасын ашты.

1 жыл бұрын (2013) алғаш рет Ш.Айманов атындағы Қазақфильмнің туындысы, Э.Байғазиннің «Уроки гармонии» фильмі Берлинале байқауына қатысты.

1 жыл бұрын (2013) Батыс Қазақстан облсының Қаратөбе ауданының үш ауылында табиғи газ беріле бастады.

2 жыл бұрын (2012) Астанада дәрігер Бубновскийдің «Кинезис» екінші оңалту орталығы ашылды.

2 жыл бұрын (2012) Елбасы Н.Назарбаев Германия астанасындағы Берлин Еуразиялық клубының ашылу салтанатына қатысты.

2 жыл бұрын (2012) ҚР Президенті Нұрслтан Назарбаев ГФР сапары кезінде Берлиндегі Қазақстан елшілігініңжаңа әкімшілік ғимаратында болды. Ғимарат қазақтың киіз үйінің жабдықтарымен безендірілген.

4 жыл бұрын (2010) Зырян ауданында сүт өндіретін жаңа шағын зауыт ашылды.Цехтың өндірістік қуаты - ауысымына 3 тонна. Шығарылатын өнімдер арасында сүт, айран, кілегей, сүзбе бар.

4 жыл бұрын (2010) Берлиндегі «World Money Fair» халықаралық көрмесінде Krause Publications өткізетін конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Ұлы қолбасшылар» сериясынан шығарылған «Шыңғыс хан» ескерткіш күміс монетасы «Тарихи тақырып бойынша ең үздік монета» аталымымен марапатталды.

Конкурс шеңберінде монета сарайларында соғылған немесе мемлекеттік органдар - эмитенттер шығарған ең үздік монеталар бірнеше аталыммен айқындалды. Конкурстық комиссия шара кезінде шығарылған коллекциялық және ескерткіш монеталарды дербес іріктеп алды. Монеталарды бағалау дизайнының тартымдылығын, көркемдік орындалуын және соғылу сапасын бағалауға негізделді.

«Ұлы қолбасшылар» сериясынан номиналы 100 теңгелік «CHINGIZ KHAN» монетасы 2008 жылғы 31 мамырда айналысқа шығарылған.

Монетаның бет жағындағы ортасында Қазақстан Республикасы Елтаңбасының алтындалған суреті монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу, ат үстіндегі жауынгер, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналасқан. Монетаны айналдыра шығыңқы жиек жүргізіліп, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағындағы ортада сансыз әскердің ортасында ат үстіндегі Шыңғыс ханның бейнесі «Ағымсалы Дүзелханов картинасының фрагменті» орналастырылған. Монетаны айналдыра ағылшын тілінде «CHINGIZ KHAN» деген жазу, өмір сүрген жылдарын білдіретін «1162 - 1227» деген сандар және монета соғылған металды, оның сынамасын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1gr.» деген жазу бар.

6 жыл бұрын (2008) Павлодарда алғаш рет қазақ тілінде облыстың төрт ауданы мен Екібастұз және Ақсу қалаларының әкімшілік-аумақтық карталары шығарылды. Тәуелсіздік жылдары кейбір ауылдарға жаңа атаулар берілсе, енді біреулері тарихи атауларын қайтарып алған. Тілдерді дамытудың облыстық бағдарламасы аясында жүзеге асырылған карта шығарылымы Павлодар облысының 70 жылдығына орайластырылған.

7 жыл бұрын (2007) Алматыда «MG Production» продюсерлік компаниясы «Қазақстанның алтын адамдары» сериясының «Песни души» атты деректі фильмін ұсынды. Фильм тірі аңыз, танымал әнші және әр түрлі тарихи кезеңдердің куәгері Бибігүл Төлегенова өмірінен мәлімсіз деректерді қамтиды. «Песни души» фильмі әншінің шығармашылық қызметінің 55 жылдығына арналады. Режиссерлері - Ася Сүлеева және Әнуар Райбаев.

8 жыл бұрын (2006) Қазақстанда «Құрметті машина жасаушы» белгісі белгіленіп, ол ҚР Индустрия және сауда министрінің атынан берілетін болды.

9 жыл бұрын (2005) Баку қаласында Апшеронск мемлекеттік табиғи паркі ашылды. Онда қарақұйрық, каспий итбалығы мен суда жүзетін құстар өсіріле бастады.

9 жыл бұрын (2005) Гарвард-Смитсон астрофизика орталығының астрономдары (Кембридж, Массачусетс, АҚШ) сағатына 2,4 миллион шақырымнан астам жылдамдықпен қозғалатын SDSSJ090745.0 24507 жаңа жұлдызын тапқандығын хабарлады.

9 жыл бұрын (2005) Қазақстанда бірінші Халықаралық арбитражды сот ашылды. Ашылуына себепкер болған 2004 жылы желтоқсанның 28-інде қабылданған Қазақстан Республикасының «Аралық соттар туралы» және « Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» заңдары.

Қазақстандық халықаралық арбитраж (ҚХА) - тұрақты қызмет ететін арбитражды институт, ол келіскен жағдайда пайда болатын дауды қарастырады.

12 жыл бұрын (2002) Солт Лейк Ситиде XIX қысқы Олимпиада ойындары басталды.

30 жыл бұрын (1984) Сараевода XIV қысқы Олимпиада ойындары ашылды.

43 жыл бұрын (1971) NASDAQ биржасында алғашқы келісім жүзеге асырылды.

45 жыл бұрын (1969) Мексиканың Чиуауа қаласына Альенде деп аталатын алып метеорит құлады. Оның салмағы 5 тонна.

58 жыл бұрын (1956) Лондонда «Рутмастер» даблдекерді алғаш рет пайдалануға берілді (екі қабатты автобус). 2005 жылға дейін аталған автобустар Лондонның мақтанышы, сондай-ақ ағылшын мәдениетінің бір бөлігіне айналды.

74 жыл назад (1940) Поьшаның Лодзь қаласында гетто құрылды. Ол елдегі ек ірі екінгі гетто болды. Ұлтшылдармен құрылған ұйым еврейлер мен сығандар, сондай-ақ коммунистер мен криминалды топтардың мүддесін қорғады. 1944 жылдың тамыз айында жұмысын тоқтатты.

83 жыл бұрын (1931) Үндістанның жаңа астанасы Нью-Делидің салтанатты ашылуы өтті.

85 жыл бұрын (1929) Николай Камов өзі ойлап тапқан аппараттты «тікұшақ» деп атады.

90 жыл бұрын (1924) АҚШ-та алғаш рет өлім жазасына кесілген қылмыскерді газ камерасы арқылы жазалау қолға алынды.

90 жыл бұрын (1924) «Еңбекшіл қазақ» газетінің төртінші бетінде аптасына бір рет шығатын жастар беті ашылды. «Лениншіл жас» деп аталатын осы беттің редакторы Е.Алдоңғаров болды. 1925 жылдан бастап «Жас қайрат» атты дербес газет болып шықты.

96 жыл бұрын (1918) Грузиядағы ең көне оқу орны Иван Джавахишвили атындағы Тбилисси мемлекеттік университетінің негізі қаланды.

104 жыл назад (1910) АҚШ-та бойскаут ұйымының негізі қаланды (ағыл. «Boy Scouts of America»).

109 жыл бұрын (1905) Ресейде Л.Е. Владимировпен шетелдік оқу орындарының мысалында бірінші рет журналистерге арналған курс ашылды. Сол жылдың күзінде елдегі ревалюцияға байланысты оқыту курсы жабылып қалды.

110 жыл бұрын (1904) Жапония Артур портында Ресей империясына шабуыл жасады.

174 жыл бұрын (1837) Петербордың Қара өзен ауданында А.С.Пушкин мен Ж.Геккерн (Дантес) дуэльге шқыты. Жекпе-жектің нәтижесінде А.Пушкин оқ тиіп, екі күннен соң қайтыс болды.

198 жыл бұрын (1816) Шотландияның солтүстік-шығысындағы Абердиншир ағылшын графствосында виски контрабандасымен айналысқан қылмыстқ топты құрықтау операциясына алғаш рет иісшіл ит қатыстырылды.

290 жыл бұрын (1724) І Петр патшаның жарлығымен Ресей ғылым академиясы құрылды.

342 жыл бұрын (1672) Исаак Ньютон өзінің жарық пен түс табиғаты туралы баяндамасын жасады.

ЕСІМДЕР

99 жыл бұрын (1915-2005) қазақстандық ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, мал өсіруші, жылқылардың көшім тұқымын шығарған авторлардың бірі БАРМИНЦЕВ Юрий Николаевич дүниеге келді.

Ол Ресей Федерациясының Мәскеу облысында туған. Мәскеу зоотехникалық институтын бітірген.

Ю.Барминцев Қазақстандағы жылқы тұқымының эволюциясына бақылау жасаған. Осы саладағы жаңа бағыт - өнімді жылқы шаруашылығын құрған бір топ ғалымдармен бірге, жылқылардың көшім тұқымын шығарғаны үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алған. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

8 8 жыл бұрын (1926-2003) жазушы, сыншы, аудармашы, филология ғылымының кандидаты Р ҮСТЕМБЕКОВА Разия дүниеге келді.

Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және аспирантурасын бітірген. 1956-1959 жылдары - Қазақтың көркем әдебиет баспасының редакторы. 1959-1971 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының оқытушысы. 1971-1983 жылдары - Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 1983 жылы зейнет демалысына шыққан.

Драматургия, әңгіме, комедия жанрына арналған сын-зерттеу кітаптары жарық көрген. әдебиеттану саласында «Майлин драматургиясы», «Қазақ комедиясы», «Қазіргі қазақ әңгімелері» атты кітаптары бар. Көркем аударма саласында да жемісті еңбектер атқарған.

76 жыл бұрын (1938) Қазақстан Мал шаруашылығы қауымдастығының президенті, «Қазагроинновация» акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының, ауыл шаруашылығы академиясының академигі, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегері, Экология және адам мен жануарлар тіршілігін қауіпсіздендіру халықаралық академиясының, Орталық Азия академиясының, Моңғолия Ұлттық академиясының, Моңғолия Ауыл шаруашылығы академиясының толық мүшесі, Ресей Ауыл шаруашылығы академиясы Сібір бөлімшесінің құрметті профессоры ЕЛЕМЕСОВ Көпмахамбет Елемесұлы дүниеге келді.

Түрікменстан Республикасында туған. Түрікмен ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу малдәрігерлік академиясының аспирантурасын бітірген. 1971-1977 жылдары - Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, ғылыми хатшысы, қаракөл қойларының генетикасы және селекциясы бөлімінің меңгерушісі. 1977-1980 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм Отырар ауданындағы «Шәуілдір» қаракөл қой кеңшарының директоры. 1980-1988 жылдары - Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаракөл шаруашылығы бас басқармасының бастығы. 1988-1993 жылдары - «Қазқаракөл» Республикалық өндірістік-ғылыми бірлестігінің төрағасы. 1993-1997 жылдары - «Жабағықаракөл» Мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті. 1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі. 2000-2002 жылдары - Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы бас директорының орынбасары. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылым департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары - «Асыл-түлік» акционерлік қоғамының президенті. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді.

Ғалымның 200-ден астам ғылыми еңбегі, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрген. Оның жетекшілігмен 10 ғылым кандидаты және 4 ғылым докторы диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері қаракөл қойларын асылдандыру және сапасын арттыру тәсілдеріне арналған.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

1 80 жыл бұрын (1834-1907) ұлы орыс химигі, Петербург Ғылым академиясының корреспондент мүшесі МЕНДЕЛЕЕВ Дмитрий Иванович дүниеге келді.

Ресейдің Тобыл қаласында туған. Оның ғылыми-зерттеулерінің негізгі бағыты жалпы химия, химиялық технология, физика, экономика, ауыл шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған. Ол 1854-1856 жылдары изомерия құбылысын зерттеп, 1859 жылы сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал - ареометр құрастырды. 1861 жылы «Органикалық химия» атты алғаш орыс тіліндегі оқулықты шығарды. 1860 жылы сұйықтардың қайнауының абсолюттік температурасын, 1865-1887 жылдары гидраттық теорияны, 1869 жылы жаратылыстың негізгі заңдарының бірі - периодтық заңды ашты. Сонымен қатар молекуланың массасын табудың Клапейрон - Менделеев теңдеулерін шығарды. 1877 жылы мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын, 1880 жылы көмірді жер астында газға айналдыру идеясын ұсынды. Таразылардың физикалық теориясын жасап, дәл шешудің әдістерін ұсынды. Жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент «менделевий» Менделеевтің құрметіне аталды.

148 лет бұрын (1866-1924) орыс суретшісі, сценограф, кітап иллюстраторы БАКСТ Леон (шын аты - Лев Самойлович Розенберг) дүниеге келді.

108 жыл бұрын (1906-1968) американдық физик, өнертапқыш, ксерографияны ойлап тапқан КАРЛСОН Честер дүниеге келді.

8 6 жыл бұрын (1928-2009) кеңестік және ресейлік актер, КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Лениндік және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты ТИХОНОВ Вячеслав Васильевич дүниеге келді.

6 5 жыл бұрын (1949) кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы. Ресей халық әртісі МУРАВЬЕВА Ирина Вадимовна дүниеге келді.

50 жыл бұрын (1964) Ресей Жинақ банкінің президенті, басқарма төрағасы ГРЕФ Герман Оскарович дүниеге келді.

54 жыл бұрын (1960) «Private Clinic Almaty» медициналық көпбейінді медициналық орталығының директоры ІЗБАСАРОВ Асқар Ишанұлы дүниеге келген.

Асқар Ишанұлы 1960 жылы 8 ақпанда РКФСР Сахалин облысында туған. Алматы мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітірген (1983), мамандығы - «Емдеу ісі».

Медицина ғылымдарының кандидаты (1991), докторы (1999). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Ерлердің репродукциялық функциясы». Урология ғылыми орталығының профессоры (2001 жылдан).

«Бедеу некенің андрологиялық аспектілері» (1999),«Мұнай және уроандрологиялық патология» (2004) монографияларының; 140-тан астам ғылыми жарияланымның және 6 әдістемелік ұсынымның авторы. ҚР алдын ала берілетін 5 өнертабыс патенттеріне ие.

1983 жылдан - урология ҒЗИ-да қызметте. 2005 жылдан бері - «Private Clinic Almaty» көп бейінді медицина орталығының бас директоры.

Дүниежүзілік және Еуропалық урологтар қауымдастығының, Ресей андрологтарының Кәсіпқой қауымдастығының, ҚР ДСМ урология ҒО диссертациялық кеңесінің мүшесі,Ұлттық медицина холдингінің тәуелсіз директоры.«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Клиникалық медицина саласындағы жетістіктері үшін «Мамандығы - Өмір» халықаралық сыйлығының жүлдегері.

48 жыл бұрын (1965) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметке өту бөлмінің меңгерушісі ЖҰМАҒҰЛОВ Тоқтамыс Қадошұлы дүниеге келген.

Ол Шығыс Қазақстан облысында туған. Өскемен Педагогикалық университетін бітірген (1985-1990), мамандығы тарих пәнінің мұғалімі. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін сырттай тәмамдаған «1996 жыл), мамандығы - заңгер.

Еңбек жолын 1984жылы Қатонқарағай аудандық Санмемқадағалау басқармасының дизинфекторы болып бастаған. 1990-2002 жж. Өскемен педагогикалық институтының қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасында аға ұстаз, 2002-2007 жж.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері басқармасының бастығының орынбасары, бастығы, Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметінде болған. 2007-2011 жж.Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері басқармасының бастығы, 2011-2013 жж. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Тәртіптік кеңес төрағасы. 2013 жылдан бүгінге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметке өту бөлмінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

ҚАзақстан республикасының Конституциясына - 10 жыл медалімен марапатталған. 20-дан астам ғылыми мақаланың авторы.

48 жыл бұрын (1966) «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің бас директоры Ө ТЕБАЕВ Сәкен Нұрұлы дүниеге келген. Ол В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (1988 ж.), Қ.Сәтпаев атындағы ҰТУ (2002 ж.) бітірген. Әр жылдары, «Энергия"»ЖШС директоры, «Алаутрансгаз» АҚ бөлім бастығы, «Қазатомпром» ҰАК менеджері, «Қазахойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясында газ және мұнай химиясы бойынша департаменттің директоры, Теңіз жобасы бойынша департамент директорының орынбасары, «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ вице-президенті, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің департамент директоры, «Қазатомпром» ҰАК департамент директоры лауазымдарын атқарған. Қазіргі таңда "МАЭК-Казатомпром" ЖШС-нің бас директоры.

«Астананың 10 жылдығы» жәәне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалдарымен марапатталған.

46 жыл бұрын (1967) «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның президенті МҰҚАНОВ Мақсат Нұрдәулетұлы тағайындалды. Мұқанов Мақсат Нұрдәулетұлы, 1967 жылы туған, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық университеті (1991 жыл) мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың Ұлттық Жоғары Мектебін (1997 жыл) тәмамдаған. Еңбек қызметі 1991 жылы ұстаз ретінде басталған. 1993-1996 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министірлігі мен Өнеркәсіп және сауда министірлігінде қызмет еткен. 1997-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде еңбек еткен. 1999-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Қызметі Талдау орталығында сектор меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2002-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министірлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директордың бірінші орынбасары, меңгеруші қызметтерінде болған. 2003 жылдың маусым айынан 2006 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгеруішісі қызметтерін атқарған 2006 жылдың маусым айынан 2008 жылдың ақпан айына дейін «Қазына» Орнықты Даму Қоры» АҚ Басқарушы директоры-корпоративті хатшысы, Басқарма Бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдың ақпан айынан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Стратегиялық есеп пен талдау орталығының меңгерушісі болған.

45 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департамент бастығы ЖАНҒАРАШЕВ Тілеу Қасенұлы дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. 1987-1992 жж.С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойыша тәмамдаған. Ал 2006 жылы Еуразия гуманитарлық институтында оқыған. Қаржыгер бакалавры.

Еңбек өтілін 1992 жылы прокуратура органдарында жұмыс істеуден бастаған. Атап айтқанда, ол әр жылдары Алматы қаласы мен аудандарының прокуратурасында, Қарағанды облыстық прокуратурасында, сондай-ақ Астана қаласында жұмыс істеген. Бұған қоса, ҚР ІІМ, ҚР Бас Прокуратурасында және 20ҚР Бас Әскери прокуратурасында лауазымды қызметтерді атқарды.

2013 жылдан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының департамент бастығы қызметінде.

2 дәрежелі «Айбын» және басқа да медалдармен марапатталған.

33 жыл бұрын (1980) Қызылорда облысы әкімдігінің аппарат жетекшісі ЖАЙСАҢБАЕВ Қанатбек Бахытұлы дүниеге келген.

Ол 1980 жылы Қызылорда қаласында туған. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «юриспруденция» мамандығы бойынша, 2012 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылорда филиалында оқытушы ретінде бастаған.

2001 жылғы тамыз бен желтоқсан айлары аралығында Қызылорда облысының Соттар әкімшісінің бас маманы, 2001-2005 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, 2007-2008 жылдары «Kazakh Integrated Services» және «CNRG Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде заңгер, 2008-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2010 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқаруда.